Ақпанның 5-і мен 14-і аралығында Парламент Сенатының депутаттары Мәжіліс депутаттарымен бірлесе отырып, еліміздің аймақтарына жұмыс бабындағы сапарға шығады. Басты мақсат – Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» халыққа Жолдауын түсіндіру.
Парламентшілер жергілікті халықпен, еңбек ұжымдарымен және бизнес өкілдерімен кездесулер өткізеді. Депутаттар Мемлекет басшысының халыққа Жолдауын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету және осы құжаттың ережелерін іске асыру мәселелерін талқыға салады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.