Қайта пайдаланатын шикізатты өңдеу кәсіпорнында болған өрт 1000 шаршы метр аумақты шарпыды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері тілсіз жаумен күрес жүргізді. Бұл мақсатта ҚТЖ өрт пойызы мен техникасын жұмылдырды.
«Шикізатты өңдеу зауытының аумағында бұрын қолданылған автокөлік доңғалақтарының тыстары жанып жатыр. Жалын шамамен 1000 шаршы метрді аумақты шарпыды. Ғимараттар мен тұрғын үй құрылысына қауіп жоқ», деп атап өтті Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.