• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
04 Ақпан, 2014

Ынтымақтастықтың жаңа мазмұны

300 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Нидерланд Корольдігінің Сыртқы істер министрі Франс Тиммерманспен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Жүздесушілер екіжақты қатынастардың әртүрлі мәселелері және әлемдегі жағдайлар туралы пікір алмасты. Сенат Төрағасы атап өткендей, Нидерланд Қазақстанның Еуропалық Одақтағы негізгі әріптестерінің бірі болып табылады. Президент Н.Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа Жолдауындағы міндеттер аясында екіжақты ынтымақтастықтың экономикалық және ғылыми-техникалық мәселелері жаңа мазмұнға ие болып келеді. Өз кезегінде Ф.Тиммерманс Қазақстан­ның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіру стратегиясына жоғары баға берді. Нидерланд ауыл шаруашылығы және балама энергетика салаларында тәжірибе алмасу арқылы бұл жобаға қатысуға ниетін біл­дірді. Биылғы жылғы наурыз айында Гаагадағы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі сам­мит қарсаңында Нидерланд СІМ басшысы ядролық қарусыздану мәселелеріндегі Қазақстан көшбасшылығының мәні зор екенін атап өтті. Кездесу барысында Қ.Тоқаев Қазақстан мен Нидерланд парламентаралық байланыстары туралы өз ойларымен бөлісті. Атап айтқанда, Қазақстанда голланд депутаттарының, оның ішінде Нидерланд Сенаты Төрағасының өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу үшін Астанаға сапары екіжақты ынтымақтастыққа серпін береді деп санайды. Одан басқа, Қазақстан Парламентінің депутаттары ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы аясында көптарапты байланыстарды дамытуға да ниеттеніп отыр.
Соңғы жаңалықтар