ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірледі, деп жазады Egemen.kz.
«2022 жылғы 1 қаңтардан бастап:
жалақының ең төмен мөлшерi – 60 000 теңге;
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 19 450 теңге;
зейнетақының ең төмен мөлшерi – 46 302 теңге;
жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 063 теңге;
базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 36 018 теңге болып белгiленсiн», деп жазылған жобада.
Аталған заң жобасы Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес әзірленген.
Оның негізгі мақсаты - 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақыны қазіргі 42 500-ден 60 000 теңгеге көтеру.
Жоба 6 қазанға дейін көпшілік талқылауына ашық.