• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Футбол 22 Қыркүйек, 2021

ФИФА Венгрия құрамасын жазалады

175 рет
көрсетілді

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Венгрия құрамасын расизм үшін жазалады, деп жазады Egemen.kz.

Будапештте өткен 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчында Венгрия жанкүйерлері британдық қара нәсілді ойыншыларға маймылдың даусын салып айқайлаған. Сондай-ақ ағылшын қақпасына дәретхана қағазын лақтырған. Жанкүйерлердің қысымына қарамастан, ағылшындар 4:0 есебімен жеңді.

Ойыннан кейін Ұлыбритания Премьер-Министрі Борис Джонсон жанкүйерлердің әрекетін сынап, ФИФА-ны қатаң шара қолдануға шақырды.

Федерация шешімімен Венгрия құрамасы алдағы екі кездесуін жанкүйерлерсіз өткізеді. Сонымен қатар 200 мың франк айыппұл төлеуге міндеттелді. 

«ФИФА нәсілшілдік пен зорлық-зомбылықтың кез келген түріне, сондай-ақ кемсітушіліктің немесе қорлаудың кез келген басқа түріне мүлдем төзбеушілік туралы нақты ұстанымға ие», деп жазылған федерацияның сайтында.