• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Президент 22 Қыркүйек, 2021

Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президентімен кездесті

204 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кездесу барысында Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстанда атқарған жұмыстарының нәтижелері мен ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың басымдықтары талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Одиль Рено-Бассоға ілтипат білдіріп, ақпан айында онлайн режимде өткізген кездесуде өзара жемісті әңгіме өрбіткенін, алайда оның Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастық мәселелері жөнінде ой-пікір алмасуға мүмкіндік беретін бетпе-бет жүздесудей болмайтынын атап өтті.

«Еуропалық қайта құру және даму банкі – Қазақстанның стратегиялық серіктесі. Ынтымақтастық орнатқан уақыттан бері сіздің банк біздің экономикамызға 8 миллиард евродан астам инвестиция салып, 300-ге жуық жоба жүзеге асырылды. Жалпы банктің әртүрлі салаларды, әсіресе жаңартылатын қуат көздері секторын белсенді қаржыландырғанын білеміз. Жаңартылатын қуат көздері саласындағы ынтымақтастықты жалғастырамыз деп сенеміз, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешені бағытындағы жобаларды да жүзеге асыру аса маңызды», деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар кездесуде коронавирус пандемиясы, қаржы және тауар нарықтарындағы тұрақсыздық сияқты проблемаларды қамтитын әлемдік экономиканың дамуына қатысты ауқымды мәселелер қарастырылды.

ЕҚДБ президенті Одиль Рено-Бассо әлемдік экономиканың дамуы мен Қазақстандағы экономикалық өсім туралы өз болжамымен бөлісті.