23-26 қыркүйек аралығында Алматыдағы «Алматы-Арена» мұз сарайында кёрлингтен Әлем Кубогы өтеді, деп жазады Egemen.kzп.
Кёрлингтен мұндай жоғары деңгейлі жарыс Қазақстанда 20 жылдан кейін өткелі тұр. Әлем Кубогы халықаралық жарыстар күнтізбесіне енгізілгендіктен, ведмстоаралық комиссия жарысты ұйымдастыруға рұқсат берген.
Енді үш бойы әлемнің үздік 12 командасы «Алматы-Арена» кешенінде күш сынасады. Сонымен қатар Халықаралық керлинг федерациясының басшылығы мен делегация өкілдері келеді.
«Әлем Кубогының ресми ашылу рәсімі 23 қыркүйек, сағат 11:00-де «Алматы-Аренада» өтеді. Ал ойындар сағат 9:00-ден басталады. БАҚ өкілдері алдын ала тіркеусіз, еркін кіре алады. Жарыс кезінде барлық карантин және санитария талабы сақталады», деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Әлем Кубогы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің, Ұлттық Олимпиада комитетінің және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізіледі. Ал жаһандық бәсекенің ұйымдастыру жұмысына Қазақстан кёрлинг, едендегі кёрлинг, петанк федерациясы Халықаралық кёрлинг федерациясымен бірлесіп жауап береді.