Көркем гимнастикадан Қазақстан командасының мүшелері Афиныдағы «Афродита Кубогында» өнер көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
24-26 қыркүйек аралығында өтетін халықаралық турнирге Қазақстаннан төрт спортшы қатысады.
Қазақстан намысын Айбота Ертаева, Ділназ Байленова, Баян Қойбағар, Сабина Бакатова, Эльжана Таниева қорғайды.
Спортшыларды жарысқа Яна Аринцева, Светлана Красникова, Екатерина Панченко бапкерлері дайындайды.