• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 22 Қыркүйек, 2021

Қазақстанда Түркі Универсиадасы өтетін болды

221 рет
көрсетілді

Ташкентте Түркі кеңесінің жастар және спорт жөніндегі министрлерінің бесінші кездесуі өтті, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстандық делегацияны Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева басқарды. Бұл туралы Халықаралық Түркі академиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Форум аясында бірнеше шара ұйымдастырылды. Түркі кеңесінің жас кәсіпкерлер форумында былғары сөмкелер мен ұлттық дәстүрлі брендтерден батыл IT шешімдерге дейін түрлі жоба ұсынылды. Қазақстандық қатысушылар электронды кітапхана жобасын таныстырды. Оның көмегімен оқулық жетіспеушілігін шешу туралы айтты.

Кездесу мен Түркі кеңесінің бірінші IDEA жас кәсіпкерлер форумы қорытындысы бойынша министрлер ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Сонымен қатар Түркі кеңесі елдері арасындағы Универсиада Қазақстанда өтетіні белгілі болды. Ал көшпенділер ойыны келесі жылдың күзінде түріктің Бурса қаласында өтеді деп жоспарланған.

Басқосуда Түркі кеңесі елдері арасында баскетболдан бірінші турнир өткізу туралы ұсыныс та айтылды.

Айта кетейік, алғашқы түркі спорттық ойындары (Түркі Универсиадасы) 2018 жылы Бакуде өткен болатын.