• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Мамыр, 2010

ҮКІМЕТ НАЗАРЫНА

542 рет
көрсетілді

НАҚТЫ ЖЕР ТЕЛІМІНІҢ НАҚТЫ ӨТЕУІ ҚАЙДА? Елбасы Жолдауында айтылған Жетіген – Қорғас темір жол құрылысы Алматы облысына қарасты Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ және басқа аудан­дардың жерін басып өтеді. Баршамыз да мемлекеттік маңызы бар бұл істі қуана қарсы алдық. Темір жол құрылысы мемлекет мен­шігіндегі табиғи шабындықтар мен мал жайылым­дарын, сонымен бірге жол ауылдардың маңдарына салын­ған­дықтан, шаруа қожа­лықтарының суармалы жерлерін де басып өтеді. Талғар ауданын­дағы Нұра ауыл­дық округіне қарасты шаруа қожалық­тарына беріл­ген түсі­ніктемеде бізге осындай суармалы жер телімдері берілетіні немесе шығындарымыздың өтемі төленетіні айтылған еді. Қазір жердің қадірі мен бағасын бәріміз де білетін болдық. Бала-шағаның нәпақасын осы жер арқы­лы тауып отырғанымыз анық. Темір жолдың қажеттігін барынша түсіне отырып, біздің шаруа қожалық­тарымызға 49 жылға жалға берілген жеріміздің темір жол құрылысы үшін алынған телімдеріне өтем талап етуге құқылы болсақ керек. Осы хатқа қол қойған шаруа қожалықтарының жетекшілері “Қазақстан темір жолы” ұлттық компа­ниясы басшыларынан өз талап-тілектерімізге нақты жауап ала алмай жүргенімізді назарға салғымыз келеді. Егер талабымыз жергілікті атқарушы органдар тарапы­нан шешілетін болса, бізге баламалы жер телімдері берілуі тиіс, егер ҚТЖ тарапынан шеші­летін болса Жер кодексінің 84-бабын­ың 4-тармағына сәйкес шық­қан шығын­дарымыз өтелуі керек. М.СЕЙІТОВ, Т.СЫРҒАБАЕВ, Ж.СМАИЛОВ, С.НҮСІПЖАНОВ, Нұра ауылдық округіне қарасты шаруа қожалықтарының жетекшілері. Алматы облысы.