• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Қыркүйек, 2021

Қазақстанда мемлекеттік сатып алу ережелері өзгерді

308 рет
көрсетілді

2021 жылғы 7 қыркүйекте Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер заңды күшіне енді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Енді мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтерін мемлекеттік сатып алу веб-порталында әлеуетті өнім берушілер ұсынған қосымша салық есептілігі және олардың қаржылық тұрақтылығы көрсеткіштерінің немесе төленген салықтардың өзгеруіне әкеп соғатын салықтарды төлеу бойынша жаңарту мүмкіндігі алынып тасталды», деп түсіндірді Мемлекеттік кірістер комитетінде.

ҚР Қаржы министрінің 2021 жылғы 25 тамыздағы бұйрығымен, ол 2021 жылғы 7 қыркүйектен бастап күшіне енді.

«Осылайша, Қағидалардың 447-2-тармағында көзделген әлеуетті өнім берушінің алдыңғы жылғы қаржылық тұрақтылығы бойынша мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері күнтізбелік жыл ішінде бір рет алдыңғы жылғы 1 қазаннан кешіктірілмей мемлекеттік сатып алу веб-порталында жаңартылады. Яғни, 2021 жылғы 1 қазаннан кешіктірмей 2020 жылға арналған мәліметтер орналастырылатын болады», деп атап өтті МКК.