Қарағандыда жаңа жылу маусымының басталу күні анықталды. Жылу беру 25 қыркүйекте басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қала әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ЖЭО-1, ЖЭО-3, жылу желілері мен станцияларда іске қосу алдындағы жұмыстардың іс-шаралар жоспарын іске асыруға кірісуді, айналым режимін орнатуды тапсырды», делінген ресми хабарламада.
Бірінші болып әлеуметтік-мәдени тұрмыстық нысандар: балабақшалар, мектептер, ауруханалар және т. б. жылу алады.
Тұтынушыларды орталық жылумен жабдықтауға кезең-кезеңімен қосатын болады. Алдымен Майқұдық, Сұрыптау және Пришахтинск аудандарының үйлеріне, содан кейін Оңтүстік-Шығыс, Федоровка, жаңа қала және Михайловкадағы үйлерге жылу беріледі.