• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
04 Ақпан, 2014

Ливияның химиялық қаруы түгелдей жойылды

276 рет
көрсетілді

АҚШ билігінің мәлімдегеніндей, соңғы үш айда Ливияның химиялық қару-жарағы түгелдей жойылып бітті. Бұл туралы Azattyg.org хабарлады.

«New York Times» газеті жазғандай, иприт толтырылған жүздеген бомба мен снарядтарды АҚШ пен Ливия бірігіп жойған.  Осы жұмыстың орындалуына Германия мен Швеция да қолдау көрсеткен көрінеді. 2004 жылы экс-президент Муаммар Каддафи химиялық қару-жарақтарды жою жөніндегі конвенцияға қол қойғаннан соң Ливиядағы улы заттарды жою жұмыстары басталған болатын. Ал 2011 жылғы қазан айында М.Каддафи биліктен тайдырылып, өлтірілгеннен кейін 2 тоннаға жуық қыша газы табылып, ол шөл даладағы арнайы пеште жойылды. Химиялық қаруды шөл далада жою технологиясы алдағы айларда Сирияның 1 мың 300 тонна шамасындағы химиялық улы заттарын жою үшін де пайдаланылмақ.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Azattyg.org

Фото: Topwar.ru.

Соңғы жаңалықтар