• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Әлем 23 Қыркүйек, 2021

Ресейде ерекше музей ашылды

312 рет
көрсетілді

Зеленоград маңындағы «Жасыл мысық» экологиялық алаңында «МУ МУ KA» қоқыс музейі ашылды, деп жазады Egemen.kz.

Нысан 2016 жылы Калуга обылсында ашылған «МУ МУ» қоқыс өнер музейінің филиалы. Ұйымдастырушылар түсіндіргендей, мекеменің негізгі қызметі - ұтымды тұтынуды насихаттау, көркем бейнелер мен стандартты емес тәсілдер арқылы экологиялық білім беру, сонымен қатар отбасылық тақырыптық демалыс.

Қоқыс музейі – 2020 жылдың 19 қарашасында ашылған Green Cat экологиялық алаңының бөлігі. Қазір онда «Хламмаркет», «Экомаркет», қалдықтарды бөлек жинау пункті және бірінші ресейлік дәретхана бутигі жұмыс істейді.

Ресейде қоқыстың 7%-ы ғана өңделеді. Қалғанының бәрі полигондарда сақталады. Greenpeace мәліметтері бойынша, елдегі қоқыс алаңы қазірдің өзінде Швейцария аумағымен салыстыруға келетін көлемге жеткен.