• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
04 Ақпан, 2014

Мәскеуде оқушы мұғалім мен тәртіп сақшысын атып өлтірді

234 рет
көрсетілді

Ресейде мұғалім мен тәртіп сақшысын атып өлтірген оқушы өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін деп хабарлайды 24.kz.

Ресей құқық қорғаушылары Мәскеудегі №263 мектептің оқушыларын тұтқынға алған күдіктінің тұлғасын анықтады. Ол жоғарғы сынып оқушысы Сергей Гордеев болып шықты.

Тергеу комитетінің атап өткеніндей, С.Гордеев мектеп күзетшісін қарумен қорқытып, білім ошағына басып кірген. Артынан ол жоғары сынып оқушылары отырған бөлмеге кіріп, география пәнінің мұғалімін атып өлтірді. Бұл жеткіншек оқиға орнына келіп жеткен тәртіп сақшыларына да оқ атқан. Сол кезде бір полицей мерт болып, тағы біреуі жарақат алған.

Алдын ала ақпарат бойынша, С.Гордеев бұған дейін де ұстазымен жанжалдасып қалған көрінеді. Жиырмадан астам оқушыны тұтқында ұстап отырған айыпкерді полицияға берілуге оның әкесі көндірген. Ол тәртіп сақшыларымен бірге келіссөздер жүргізген болатын.

Қазір ұсталған күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып,тергеу амалдары жүргізілуде.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: 24.kz.

Фото: Vk.com.

 
Соңғы жаңалықтар