Алматы облысында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің басшылығымен «Қазқұтқару-2021» құтқару көпсайысы және әскери-құтқару үшсайысы бойынша жарыстардың ашылу рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz
Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан ТЖМ құтқару бөлімшелері және ҚР азаматтық қорғаныс әскери бөлімінің әскери қызметші-құтқарушылары қатысып жатыр.
Жарыс 3 қашықтықты, атап айтқанда «Техногендік апаттар жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары» дистанциясы, «Акваторияда іздестіру-құтқару жұмыстары» қашықтығы, «Табиғи орта жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары» дистанциясы қамтиды.
Бірінші күні қатысушылар «Техногендік апаттар жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары» құтқару көпсайысы бойынша қашықтықтар мен «Кросс» және «Кешенді күштік жаттығулар» әскери-құтқару үшсайысы бойынша сыннан өтеді.
«Мақсат – іздестіру-құтқару, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу дағдыларын жетілдіру және жедел-құтқару жасақтары арасындағы өзара іс-қимылды пысықтап, авариялық-құтқару құралдары мен техникасын пайдаланудың озық әдісін меңгеру, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу тәжірибесімен алмасу, құтқарушылардың кәсіптік даярлығын жетілдіру», деп жазады ТЖМ баспасөз қызметі.
Жарыстар 23-27 қыркүйек аралығында өтеді.