Петропавлда 19-шы шағын аудандағы тоғыз қабатты үйдің соңында Қазақстанның өрт сөндірушілеріне арналған мурал пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жобаның бастамашылары азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлері болды.
«Идея бұрыннан пайда болды. Бастаманы тілсіз жаумен күресушілерді еске салатын түрлі жобаларда іске асыруды жалғастырамыз. Жамбыл облысындағы соңғы қайғылы оқиғалар іске асыруға түрткі болды», деді 29 жылдық еңбек өтілі бар өртке қарсы қызмет ардагері Ерік Мәжитов.
Муралды Көкшетаудан келген суретші-дизайнерлер Алдияр Жәкеев пен Мағжан Айтқожев жасаған. Суретшілер төрт күн бойы көп метрлік биіктікте жұмыс істеді.
Суретшілердің өздері мойындағандай, муралдың орталық фигурасын орындау қиын болды. Ұсынылған алты эскиздің ішінен тек біреуі таңдалды, онда мұндай батырлық пен қауіпті мамандықтың құрбандығы туралы ой түйінделген, композиция эпизодтарының бірінде өрт сөндіруші жалыннан қорыққан баланы құтқарғаны бейнеленеді», деп толықтырды баспасөз қызметі.
Муралдың төменгі жағында QR-коды бар тақтайша орнатылады, ол Қазақстан Республикасы ТЖМ құрылу тарихы, ведомство жұмысының қорытындылары және қаза тапқан құтқарушылар туралы ақпараттық ресурсқа көшуге мүмкіндік береді.