• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Технология 24 Қыркүйек, 2021

«Е-Шаңырақ» қандай платформа?

633 рет
көрсетілді

Индустрия және инфра­құ­рылымдық даму ми­нис­­трлігі тұрғын үй-ком­му­налдық шаруа­шылық са­ласындағы элек­тронды ақпараттық ресурс­тарды орталықтандырылған жи­нау және сақтау жүйесін тәжі­рибелік пайдалануға ұсы­нып отыр. Жоба «Е-Ша­ңырақ» деп аталады.

Жоба бытыраңқы ақпараттық жү­йелерді біріктіріп, тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылықтың цифр­лық жүйесіне айналады. Жобаның бірінші кезеңінде ақпараттық жүйе көппәтерлі тұрғын үйлердің саны, олардың техникалық жай-күйі, үйлерді басқару органдарынан алынатын есепке алу аспаптары бо­­йынша талдамалық дерек­терді қалыптастыруға, сон­дай-ақ табиғи монополия субъек­тілерімен және үйді басқарудың нарықтық IT-қосымшаларымен (е-ПИК, BI clients және т.б.) интеграция жүргізуге мүмкіндік бермек. Жүйе одан әрі дами түседі. Соның шеңберінде рейтингтер жасап, басқарушылар мен қызмет көрсететін компаниялардың тізілімі қалыптасады.

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ бас­қарма төрағасы Ербол Тө­леуовтің айтуынша, «Е-Ша­ңырақ» ақпа­рат­тық жүйесі – респуб­ликаның барлық тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын цифрландыруға мүмкіндік беретін ауқымды жоба. Жү­йеде жинақталған деректер саланың ашықтығын арттырып, бәсекелестік нарықты қалып­тастырады. Жоба мемлекет-же­кемен­шік әріптестігі те­тігі бойынша бюд­жеттік қаржыландырусыз іске асырылады екен.