• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 24 Қыркүйек, 2021

«Қазгидромет» қар жауатынын хабарлады

1155 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 25-27 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Бұған екі циклонның - солтүстік-батыс және оңтүстік бірігуі ықпал етеді. Жаңбыр жауады: республиканың солтүстік жартысы мен шығысында жаңбыр қарға ауысуы мүмкін. Жел күшейеді, түнде және таңертең тұман күтіледі.

«Республиканың батысында ауа температурасы түнде 7-15, күндіз 15-25-тен 10-20 градусқа дейін төмендейді. Солтүстік-батыста түнде 3 градус аяздан 5, 3-11 градусқа дейін жылы, күндіз 13-23-тен 3-13 градусқа дейін төмендейді. Елдің солтүстігінде және орталығында түнде термометрлер 2-7 аяздан 3-8 градусқа дейін, күндіз 10-20-дан 5-13 градусқа дейін болады деп болжанған. Республиканың шығысында ауа температурасы түнде 5 градус аяз, күндіз 7-17 градус жылы аралығында. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысына келсек, түнде 5-15-тен 10-17 градусқа дейін жылы, күндіз 25-32-ден 18-25 градусқа дейін төмендейді деп күтіледі», делінген хабарламада.