• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Қыркүйек, 2021

Германия концлагерінде қаза тапқан қазақстандық жауынгердің жақындары іздестірілуде

382 рет
көрсетілді

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев ІІ Дүниежүзілік соғыс кезінде Германия концлагерьлерінде қаза болған 927 отандасымыздың тізімі табылғанын хабарлады. Бүгінде олардың туыстары мен жақындарын іздестіру жұмыстары басталды, деп жазады Egemen.kz.

«Возвращение имени» халықаралық патриоттық ұйымы соғыс кезінде Германиядағы концлагерьлерде қаза тапқан 927 қазақстандық жауынгерлердің тізімін берді. Қазіргі уақытта қаза тапқандардың туыстарын анықтау бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Сондай-ақ, біздің министрлік өкілдері биыл 8 мамырда «Плацдарм» қоғамдық ұйымының шақыруымен Украинаға барып, Славянск үшін шайқаста қаза тапқан 99 жауынгердің, оның ішінде жерлесіміз - лейтенант Үкібай Базарбайдың сүйектерін қайта жерлеу рәсіміне қатысты. Одан бөлек, қазіргі уақытта ресейлік іздеу тобы біздің 12 жерлесіміздің дене қалдықтарына сараптама жүргізуде, кейін олар бізге беріледі», деді Тимур Дәндібаев.

Бұған дейін ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары ІІ Дүниежүзілік соғыста хабар-ошарсыз кеткен 7 отандасымыздың мәйіті табылғанын айтты. Оның айтуынша, жоғалғандардың аты-жөндері анықталып, елге жеткізілген.