• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
05 Ақпан, 2014

Тағайындау

310 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Шора­ұлы Сарыбай Қазақстан Республикасының Австрия Респуб­ликасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Рес­пуб­ликасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жа­нындағы Тұрақты өкілі қызметіне тағайындалды.

* * *

Мемлекет басшысының Өкімімен «Кардиохирургия ұлттық ғылыми орталығы» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Махаббат Сансызбайқызы Бекбосынова Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы қызметіне тағайындалды.

 Хроника

Мемлекет басшысының Өкімімен Қайрат Шораұлы Сарыбай басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды.  
Соңғы жаңалықтар