• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 24 Қыркүйек, 2021

EXPO-2020: Қазақстан Дубайдағы көрмеге қанша қаржы бөлді

890 рет
көрсетілді

Дубайда өтетін ЭКСПО-2020 Дүниежүзілік көрмесіндегі Қазақстан павильонына 488 миллион теңге жұмсалады. Ақшаны QazExpoCongress ұлттық компаниясы бөлді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сауда және интеграция министрлігінің ресми сауалға берген жауабына сәйкес, Қазақстанның көрмеге қатысуын қамтамасыз ету бойынша жұмысты QazExpoCongress - 2019 жылғы желтоқсанда Сауда министрлігіне өткен бұрынғы Астана ЭКСПО-2017 жүргізіп жатыр.

«Қазіргі таңда барлық құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылысқа дайындық сертификаты алынды. Павильонның жоғары технологиялық жабдықтарының күнделікті және үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастыру мақсатында пайдалану жөніндегі регламенттерге сәйкес техникалық қызмет көрсетуді, сондай-ақ ұйымдастыру комитетінің талаптарына сәйкес күзетті, клинингті, дезинфекциялауды, дератизациялауды, дезинсекциялауды, ауа баптауды қоса алғанда, инженерлік желілерге қызмет көрсету жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыру қажет.

Осы мақсаттарға қоғам қаражатынан бәсекелес ортада ашық конкурс өткізу үшін 488 миллион теңге бөлінді. Баға Дубайдағы қызметтердің нарықтық құнына сәйкес қалыптасады»,  деп жауап берді сауда министрлігі.

Ведомство көрмеге қатысуға бөлінген қаражат коронавирусқа байланысты қысқартылғанын түсіндірмеді.

QazExpoCongress компания қызметкерлері көрменің алты ай бойы іскерлік және бизнес-іс-шараларды қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын түсіндірді. Іс-шаралар қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы шарттар мен келісімдерге қол қойылады. Олар ел экономикасын дамыту үшін мультипликативтік әсер алуға мүмкіндік береді деп күтіліп отыр.