• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
05 Ақпан, 2014

Елбасы қабылдады

220 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевті қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Ә.Исекешев Мемлекет басшысы­на министрліктің 2013 жылғы жұмыс қоры­тындылары, соның ішінде Үдемелі индус­триялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру және Индустрияландыру картасының жобалары, сондай-ақ, биылғы жылға арналған жоспарлар туралы баяндады. Атап айтқанда, Ә.Исекешев өнеркәсіптің арқаулық салаларының өсу қарқыны, салалық бағдарламаларды жүзеге асыру және индус­трияландыру аясында бизнесті қолдаудың негізгі шаралары жайлы хабардар етті. Қазақстан Президенті өнеркәсіпті, электр энергетикасын, арнайы экономикалық аймақтарды одан әрі дамытуды, сондай-ақ, шетелдік инвестициялар тартуды қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығы жобасының инновациялық қамтылуын ескере отырып, сапалы әзірлеудің маңыздылығын атап өтті. Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді. Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Соңғы жаңалықтар