Бельгияда 23 жасқа дейінгі жас санатында әлем чемпионаты өтті, онда қазақстандық велошабандоз Евгений Федоров 29-орынға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Жарыстың жеңімпазы болып Италия өкілі Филиппо Барончини (3:37:26) атанды, екінші орында эритреялық спортшы Биниам Хайлу (+0:02), ал үшінші орында нидерландық Олаф Кудж иеленді.
Қазақстан атынан Федоровтан бөлек Нұрберген Нұрлықасым (+0:12), Николас Винокуров (+4:28), Глеб Брусенский (+4:30) сәйкесінше 36, 69, 71-ші орындарға тұрақтады. Тағы бір қазақстандық Александр Семенов жарыс қорытындысы бойынша үздік жүзге кіре алмады.