Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда атыс кезінде қаза тапқандарды марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы қаулы етемін:
1. Қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен: Ішкі істер министрлігі Алматы қаласы полиция департаментінің Алатау аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Нұрбол Назарбайұлы Байғазиев (қайтыс болғаннан кейін);
Ішкі істер министрлігі Алматы қаласы полиция департаментінің Алатау аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Дархан Дауылбайұлы Сүлеев (қайтыс болғаннан кейін) наградталсын;
«Ерлігі үшін» медалімен жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасының мүшесі Абенов Мұрат Бақбергенұлы (қайтыс болғаннан кейін) наградталсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», делінген құжатта.