Елордада өткен Astana Open ATP 250 турнирі мәресіне жетіп, чемпиондар марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Финалда әлемнің 65-ракеткасы, аустралиялық Джеймс Дакворт пен дүниежүзілік рейтингте 82-орында тұрған оңтүстіккореялық Квон Сун Ву бас жүлде үшін таласқа түсті. Оңтүстіккореялық теннисші өзінің қарсыласын 7:6 (8:6), 6:3 есебімен жеңді.
Өз спорттық жолында айтулы табысына қол жеткізген Квон Сун Ву бәсеке барысында 4 эйс жасап, 6 брейк-пойнтттың екеуін мүлт жіберген жоқ. Қарсыласы 10 эйс жасағанымен, 1 брейкпен шектелді.
Жұптық сында жарыстың 1-ракеткалары, мексикалық Сантьяго Гонсалес пен аргентиналық Андреас Мольтени жеңімпаз атанды. Олар соңғы бәсекеде Израиль өкілі Йонатан Эрлих пен белоруссиялық Андрей Василевскийді 6:1, 6:2 есебімен талқандады.