2014 жылғы 3 ақпан, Астана, Үкімет Үйі
«Алкоголь өніміне ең төменгі бағалар белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қазандағы № 1592 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Алкоголь өніміне ең теменгі бағалар белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қазандағы № 1592 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 49, 475-құжат) мынадай өзгеріс ентізілсін: көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданыска енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 ақпандағы № 44 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қазандағы № 1592 қаулысына қосымша Алкоголь өніміне арналған ең төменгі бағалар Алкоголь өнімінің түрлері Қолданылу кезеңі Алкоголь өнімін бөлшек сату бағасы (теңге/литр) Арақтар және айрықша арақтар, күшті ликер-арақ бұйымдары және басқа да күшті алкоголь ішімдіктері 2014 жыл 1120 2015 жылдан бастап 1300 2016 жылдан бастап 1600