• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Қыркүйек, 2021

Өткен тәулікте елге 6 030 жолаушы келген

114 рет
көрсетілді

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 26 қыркүйек күнгі халықаралық авиарейстермен келген жолаушыларға қатысты ақпарат жариялады, деп жазады Egemen.kz.

2021 жылдың 26 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Грузия, Түркия, Египет, Ұлыбритания, Катар, Нидерланд, Украина, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 44 халықаралық әуе рейсімен 6 030 авиажолаушы келді. 

Оның ішінде: 

 Алматы қаласының әуежайына – 21 рейс, 3 283 жолаушы; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 16 рейс, 2 002 жолаушы; Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 233 жолаушы; Ақтөбе қаласының әуежайына - 1 рейс, 99 жолаушы; Атырау қаласының әуежайына - 2 рейс, 117 жолаушы; Қарағанды қаласының әуежайына - 1 рейс, 166 жолаушы; Түркістан қаласының әуежайына - 1 рейс, 130 жолаушы;

Барлық жолаушы COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.