• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Қыркүйек, 2021

Ақтөбеде тепловоздан вагонға секірген тұрғын жауапқа тартылды

350 рет
көрсетілді

Ақтөбе теміржол вокзалында тепловоз төбесіне мініп, вагонға секірген тұрғын жауапқа тартылды. Стратегиялық аймақтың тәртібін бұзып, теміржолға және өз өміріне қауіп төндірген тұрғынға қатысты әкімшілік іс қозғалды, деп жазады Egemen.kz.

«Теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережесін бұзу», «Теміржол көлігін пайдалану ережесін бұзу», «Алкогольдік ішімдік ішу немесе қоғамдық орынға масаң күйде келу» баптарымен жауапкершілікке тартылған тұрғыннан жауап алу кезінде ол пойыздан «Алматы» деген жазуды көріп, мініп кетуді ойлағанын айтқан.

Оқиға 21 қыркүйек күні сағат 15:30 шамасында «Алматы-Ақтөбе» бағытындағы жолаушылар пойызында болған. Ер адам маневрлік тепловоздың үстіне мініп, вогонның үстіне секірген. Перронда болған бұзақылық желілік полиция қызметінің жедел әрекетімен дереу тоқтатылды.

«Алматы-Ақтөбе» бағытындағы жолаушы пойызы Ақтөбе вокзалына келіп, халық түсіп болғаннан кейін маневрлік тепловоздар бос вагондарды паркке алып кетеді. Сол кезде белгісіз ер адам маневрлік тепловозға мініп, одан вагонға секірген. Теміржолшылардың ескертуін тыңдамаған. Перронда жүрген полиция қызметкерлері оны жерге түсіріп, бөлімшеге жеткізді. Ер адамның ішімдік ішкені анықталды», дейді Ақтөбе станциясы желілік полиция бөлімінің өкілі Жакен Артықов.

Қылмыскер – 25-30 жас шамасындағы жұмыссыз жігіт. Өзінің айтуынша, Ақтөбе қаласында бес жылдан бері тұрады. Туған жері – Алматы облысы. Ол бұған дейін де қоғамдық орынға масаң күйде келгені және ұсақ бұзақылық үшін жауапкершілікке тартылған.