• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Қыркүйек, 2021

Ақтауда тұрғын үй кешендерінің бірінде кісі толы жеделсаты шахтаға құлап кетті

284 рет
көрсетілді

«Ақтау Плаза» тұрғын үй кешені тұрғындарының айтуынша, 25 қыркүйекте, сағат 19:30 шамасында бірінші қабаттағы кісі толы жеделсаты шахтаға құлаған, деп жазады Egemen.kz.

Адамдар апатты жеделсатыдан шығу үшін бір-біріне көмектескен. Зардап шеккендер жоқ.

«Кішкентай баласы бар жас келіншектер болды. Төтенше жағдайдан есеңгіреп қалды. Не деген бассыздық? Бұл біздің үйде бірінші рет болып тұрған жағдай емес»,  деп шағымданды үй тұрғындары.

Олардың айтуынша, құрылыс компаниясы мұндай проблемадан хабардар, бірақ ешқандай шара қолданбайды.

Сондай-ақ, тұрғындар атап өткендей, үйдің жартысына бір жыл бұрын адамдар көшіп, кіріп алған, бірақ әлі күнге дейін олардың бірінің де қолына пәтерлеріне қатысты құжат берілмеген. Үй газға әлі қосылмаған.