• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Қыркүйек, 2021

Қостанай облысында қар жауды

537 рет
көрсетілді

27 қыркүйекте Қостанай облысында қар жауды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлеуметтік желілерде Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы маңына қар түскені жайлы видео жарияланды.

Еске сала кетейік, синоптиктер 28 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігі циклонның ықпалында болатынын хабарлаған.

«Қазақстан аумағының басым бөлігі циклонның ықпалында болады. Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталық пен шығыста жауын-шашынның (жаңбыр, қар) түсуіне, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай жарқылдап, жаңбыр жаууына ықпал етеді. Еліміздің батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстік жартысында көктайғақ болады деп күтіледі»,  делінген синоптиктер хабарламасында.