Кеше Украина парламенті конституцияға президенттің өкілетін шектейтін өзгерістер енгізу жайын талқылады. Бұл туралы Azattyg.org хабарлады.
Киевте үкіметке қарсы шерулер өткізіп жатқан оппозиция Виктор Януковичтің отставкаға кетуін, сондай-ақ елде мерзімінен бұрын парламент және президент сайлауларын өткізуді талап етуде.
3 ақпанда парламент фракциялары мен комитеттерінің жетекшілері Раданың күн тәртібіне қатысты келісімге келе алмаған. Оппозиция басқарудың парламенттік-президенттік формасын енгізуге мүмкіндік беретін 2004 жылғы конституцияны қайта қалпына келтіретін акт қабылдауды талап етеді. Алайда, «Аймақтар партиясы» фракциясының жетекшісі Александр Ефремов заң жүзінде конституцияны механикалық жолмен өзгерту мүмкін емес екенін алға тартты. Оның айтуынша, конституцияға тек референдум арқылы ғана өзгеріс енгізуге болады.
Украина президенті Виктор Янукович сырқаттанып қалуына байланысты төрт күн демалыс алып, 3 ақпанда ғана жұмысқа шыққан болатын.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Azattyg.org.
Фото: Thekievtimes.ua.