• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Қыркүйек, 2021

Заңсыз тексеріс үшін жазаға тартылады

156 рет
көрсетілді

Қостанай облысында бірнеше шенеунік кәсіпкерлерді заңсыз тексергені үшін заң алдында жауап беретін болды. Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен шағын және орта бизнес нысандарын тексеруге үш жылға дейін мораторий жарияланғанына қарамастан, Сарыкөл ауданының мемлекеттік қызметшілері сол өңірде қоқыс полигонын ұстайтын «Тазалық-Сарыкөл» серіктестігіне тексеріс жорығын жиілетіп жіберген.

Мезгілсіз келіп, берекесін алған шенеуніктерден мезі болған серіктестік басшысы Сарыкөл аудандық прокуратурасы жанындағы кә­сіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі мобильді топқа шағымданады. Прокуратура мен кәсіпкерлер палатасының өкілдерінен құралған мо­бильді топ тексерістің заң­сыз ұйымдастырылғанын анықтап, кінәлілерді әкім­шілік жауапкершілікке тартып отыр.

– Осы жылғы 3 мау­сым­­да, 1 шілдеде және 3 та­мыз­­да аталған полигон­ды тек­се­ру барысында тол­ты­­рыл­ған комиссиялық тек­­­­серіс хат­тамалары заң­сыз деп танылды. Сарыкөл ауда­­нының прокуроры кә­сіп­­­керлік нысан­ның ісі­не заң­­­сыз аралас­қа­ны үшін аудан­дық әкімдік­­­ке қарас­ты Сәулет, құры­лыс, тұр­мыс­­­тық-коммуналдық ша-­­­ руа­­шылық, жолаушылар кө­лігі және автомобиль жол­дары бөлімінің басшы­сы мен Сарыкөл ауылының әкі­­­­­мін Әкімшілік құ­­қық ­бұ­­зушылық туралы ко­­дек­­сі­­­нің 173-бабы бойынша әкім­­­шілік жауапкершілікке ­тар­­­тып отыр, – деп мәлім­деді облыстық кәсіпкерлер палатасы басшысының орын­басары Данияр Кү­зен­баев.

Бұл бап бойынша кә­сiп­керлiк қызметке заңсыз араласып, олардың қызметiне кедергi келтiретiн заңсыз хат­тама толтырған лауазым иелері енді 100 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiне дейін айыппұл арқаламақ.

Аталған шенеуніктер­­мен бірге Мемлекеттік кіріс­­тер басқармасының Сары­көл ауданындағы бас маманы да жауапкершілікке тарты­лып отыр. Оған ӘҚБ кодексінің 175-бабы бо­­йын­ша жеке кәсіпкерлік ны­сан­­дарына тексеру жүргі­зу тәр­­тібін бұзғаны үшін ­25 айлық есептік көрсет­кіш мөл­­шерінде айыппұл са­лы­нуы мүмкін.

Айта кету керек, кәсіп­керлер құқығын қорғау ­жө­­­­ніндегі мобильді топтар биыл­­­­ғы 4 қыркүйектен бас­тап жаңа өкілеттікке ие болып отыр. Атап айтқанда, «Пр­о­­­­куратура туралы» заң­ға ен­­гізілген түзетулерге сәйкес енді прокурорлар өзде­рі­не ша­ғымданған кәсіпкер­лер­­дің ісі бойынша дербес тексе­­ру жүргізіп, істің ақ-қара­­сын анықтау мақсатында ақ­па­рат сұрастырып, заңсыз қол­данылған шектеу немесе ты­­йым шараларының күшін жоя алады.

 

Қостанай облысы