• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Қыркүйек, 2021

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жол картасы әзірленіп жатыр

422 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жол картасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.

Құжатта өрт сөндіру бекеттерін  заманауи техникамен жарақтандыру, ерікті өртке қарсы құралымдарды дамыту, ерікті өрт сөндірушілердің әлеуметтік кепілдіктері мен жеңілдіктерін жақсарту, адамдар көп болатын пайдалануға берілетін объектілерге, тұрғын және биік ғимараттарға қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптарын күшейту мәселелері көзделеді.

Премьер-Министр Төтенше жағдайлар министрлігіне биылғы жылдың 20 қазанына дейін мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Жол картасының келісілген жобасын дайындауды және қарауға енгізуді тапсырды.

ТЖМ-ге әкімдіктермен бірлесіп жылыту маусымы кезінде өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша алдын алу жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне өңір әкімдіктерімен бірлесіп, газ жабдықтары мен тұрмыстық баллондардың қауіпсіз пайдаланылуына жүйелі бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.