• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Қыркүйек, 2021

Қазақстанда айыппұлдар өседі

392 рет
көрсетілді

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне экологиялық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заң жобасы әзірленді, деп жазады Egemen.kz.

«1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

367-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацында:

«он» деген сөз «жиырма» деген сөзбен ауыстырылсын;

«отыз» деген сөз «елу» деген сөзбен ауыстырылсын;

«елу» деген сөз «жүз» деген сөзбен ауыстырылсын;

«жүз елу» деген сөз «екі жүз» деген сөзбен ауыстырылсын;

екінші бөліктің екінші абзацында:

«жиырма бес» деген сөз «екі жүз» деген сөзбен ауыстырылсын;

«қырық бес» деген сөз «үш жүз» деген сөзбен ауыстырылсын;

«жетпіс» деген сөз «бес жүз» деген сөзбен ауыстырылсын;

«екі жүз елу» деген сөз «мың» деген сөзбен ауыстырылсын;

үшінші бөлігінде:

бірінші абзацтағы «және екінші» деген сөздер алып тасталсын;

екінші абзацта:

«жүз» деген сөз «он» деген сөзбен ауыстырылсын;

«екі жүз елу» деген сөздер «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын;

«төрт жүз» деген сөздер «елу» деген сөзбен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

«4.Осы баптың  екiншi бөлiктерiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған әрекеттер –

жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

368-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған дәл сол әрекет –

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 370-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацындағы «екі» деген сөздер «бес» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөліктің екінші абзацындағы «үш» деген сөздер «жеті» деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші бөліктің екінші абзацындағы  «үш» деген сөздер «жеті» деген сөздермен ауыстырылсын;

төртінші бөліктің екінші абзацындағы «жиырма» деген сөздер «отыз» деген сөздермен ауыстырылсын;

372-баптың төртінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жетпіс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады», деп жазылған заң жобасында.

Заң жобасы АшықНҚА жүйесінде 12 қазан 2021 жылға дейін талқылауға ашық.