Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы Атырау облыстық департаментінің басшысы Галя Мұханғалиева мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оның айтуынша, тұрғындарға қолайлы болуы үшін Атырау қаласы мен аудандарда 90-нан астам арнайы бұрыш ашылған.
«Атырау облысында онлайн режимінде халық санағынан 220 738 адам өтті. Бұл – облыс тұрғындарының 33,24 пайызы. Оның ішінде 195 186 адам sanaq.gov.kz сайты, 21 552-сі egov.kz порталы, ал, 4 мыңы Aitu мобильді қосымшасы арқылы санақ парақтарын толтырды. Онлайн-санақтан өткендердің басым бөлігі Атырау қаласында (95 845 адам) тіркеліп отыр. Құрманғазы ауданында - 23 384, Жылыойда 22 083 адам санаққа қатысты», дейді Галя Мұханғалиева.