• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Қыркүйек, 2021

СҚО-да құс тұмауымен күрес басталды

189 рет
көрсетілді

АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Абызбаев бастаған республикалық комиссия Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Лебяжье ауылына барып, құс тұмауының таралуына жол бермеу мақсатында жасалып жатқан кешенді шаралардың барысын тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Комиссия тарапынан эпизоотиялық жағдай зерделеніп, су айдынына мониторинг жүргізілді, ауруды жою ауқымы анықталып, халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Инфекция ошағын дер кезінде және жедел оқшаулау және жою үшін елді мекеннің периметрі бойынша жерлерді жырту жұмыстары жүргізілді, кіретін және шығатын автокөліктерді дезинфекциялау үшін дезбаръер орнатылды.

Эпизоотиялық тізбекті үзу мақсатында ошақтағы құстардың барлық басын жою туралы шешім қабылданды. Барлық алынған және жойылған құстың иелеріне өтемақы толық көлемде төленетін болады.

Ресей Федерациясымен шекаралас аумақтарда жануарларды вакцинациялау үшін жоғары патогенді құс тұмауына қарсы 112,2 мың доза отандық препарат бөлінеді.

Эпизоотиялық жағдай тұрақты бақылауда, инфекция облыстағы басқа елді мекендерге таралуына жол бермеу мақсатында вакцинация жүргізу және тірі құс пен құс шаруашылығы өнімдерінің қозғалысына бақылау орнату шаралары қабылдануда.