• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 29 Қыркүйек, 2021

Спортқа құмар азаматтар санын 50%-ға дейін жеткізуге ниетті

192 рет
көрсетілді

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті Бас Ассамблеясының отырысында Токио-2020 Олимпиада ойындарының қорытындысы мен Бейжің-2022 қысқы Олимпиада ойындарына дайындық барысы талқыланады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі спортты дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Оның тікелей тапсырмасы бойынша Үкімет спорт, оның ішінде бұқаралық спорт саласын дамыту жөнінде бірқатар нақты шаралар қабылдауда. Осыған байланысты сіздермен бірге үлкен жұмыс атқарамыз деп үміттенеміз. Жыл соңына дейін мемлекет Басшысының ең мұқтаж қалалар мен ауылдарда 100 спорттық-сауықтыру кешенін салу бойынша бастамасын аяқтау жоспарлануда», деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов.

Ол, сондай-ақ осы жұмыстың нәтижелері туралы айтты.

«Бұл жүйені іске асырудың бірінші кезеңі ғана 50 мың баланы тегін үйірмелер мен секциялармен қамтуға мүмкіндік берді. 3,5 мың спорт нұсқаушыларын даярлау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Әрбір ауылдық округтің тұрғындары спортпен қамтылады. «Саламатты ұлт» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға қарай тұрақты спортпен айналысатын азаматтардың санын 31%-дан 50%-ға дейін жеткізу жоспарлануда», деді Ералы Тоғжанов.