• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
06 Ақпан, 2014

Президент Атырауға іссапармен келді

420 рет
көрсетілді

Президент Нұрсұлтан Назарбаев арнайы іссапармен Атырау облысына келді. Бұл туралы «Қазақстан» телеарнасы хабарлады. Сапар барысында Мемлекет басшысының бірқатар нысандарды аралауы, сондай-ақ облыс жұртшылығы өкілдерімен кездесуі жоспарланған. Бүгін соның бірі -Назарбаев зияткерлік мектебінде болды. Химиялық-биологиялық бағыттағы 720 оқушыға арналған бұл білім мекемесі 2013 жылдың қыркүйек айында ашылған. Мектепте қатаң іріктеуден өткен аймақ ұстаздары сабақ береді. Сондай-ақ АҚШ, Ұлыбритания ,Румыния, Ирландия елдері мен Оңтүстік Африка Республикасынан келген   12 оқытушы бар. Арнайы бекітілген конкурстық комиссия ұсынысына сай, осында қызмет жасау үшін 134 адам іріктелген. Соның ішінде 33 қызметкер мұғалімдердің біліктілігін арттырудың үш деңгейлі курстарынан өтіпті. Ал 4 ұстаз Назарбаев университеті базасындағы жылдық курсты бітірген екен. Жалпы айтқанда, бір бос орынға 6 адам үміткер болған. Назарбаев зияткерлік мектебінің 7-8-9-10 сыныптарында оқу үшін конкурстық іріктеуге 2978 өтініш келіп түскен. Тағы бір дерек, «Өркен» грантының 679 оқушыға берілгені мәлім болды. Ал 7 сыныпта білім алу үшін конкурс стратегиялық серіктестер - Нидерландыдағы педагогикалық білім институтымен (Cito)  және АҚШ-тағы Джонс Хопкинс университетінің талантты жастар орталығымен (CTY)  бірлесе  жүргізілді. Сапар аясында Елбасы Атырау мұнай өңдеу зауытын аралап, жүзеге асып жатқан екі инвестициялық жобамен танысты. Ол бойынша биыл үдемелі индустриялық- инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде араматикалық көмірсутек шығаратын кешеннің іске қосылатыны мәлім болды. Ал екі жарым жылдан соң мұнайды терең өңдеу кешенін тапсыру жоспарланып отыр. Әмірхан Алмағанбетов. Дереккөз: «Қазақстан» телеарнасы, «Хабар» телеарнасы. Фото: Ақорда. kz.  
Соңғы жаңалықтар