• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 29 Қыркүйек, 2021

Вакцина алмаған студенттердің сабаққа келуіне тыйым салынды

624 рет
көрсетілді

Алматыдағы бір университет вакцина алмаған студенттерге 1 қазаннан бастап оқу ғимаратына кіруге тыйым салды, деп жазады Egemen.kz.

Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық ғылыми-техникалық университеті - Satbayev University коронавирусқа қарсы вакцина алмаған студенттерге күндізгі оқу түріне қатысуға тыйым салды. Бұйрық 1 қазаннан бастап күшіне енеді.

Бұл туралы университет студенттері informburo.kz агенттігіне хабарлаған. 

Satbayev University осындай бұйрық шығарғанын растады.

«Бұл біздің университеттің студенттері мен оқытушыларының арасында ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін жасалып отыр. Өкінішке қарай, бізде коронавирус жұқтыру фактілері тіркелді. Бүгінгі күнге дейін 12 жағдай анықталған, олар емделіп үлгерді.  Жаңа дерек жоқ», деді университеттің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Мансур Әлімханов.

Проректор университеттің студенттері мен оқытушыларының қауіпсіздігі үшін барлығы жасалып жатқанын атап өтті. Университетте 10 мыңнан астам студент бар, оның ішінде 5500-ден астамы вакцина алған, бұл екпе алуға тиіс құрамның 62%-н құрайды. 3600-ге жуық студент вакцина алмады. 2000 студент екпеден босатылған. Оның 1142-інде медициналық себеп бар, 174-і коронавируспен ауырып жазылған, 1781-і кәмелетке толмаған. Профессорлық-оқытушылық құрамның 80%-ға жуығы вакцина салдырған, шамамен 18%-ы медициналық себеппен босатылған.

«Біздің басты міндетіміз - басқа студенттердің қауіпсіздігі. Студенттер адам құқықтарының бұзылуы және т.б. туралы айтады, түсінемін. Алайда адам құқығы басқа адамдардың құқығы бұзылған жерде аяқталады. Егер сіз екпе алмаған болсаңыз, ауырып қалсаңыз, шектеу шараларын тағы да қатаңдатауға мәжбүр боламыз. Құдай сақтасын, әрине. Біз тыйым салып жатқан жоқпыз, алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз», деді ол.

Проректор екпе алмаған студенттердің онлайн білім алуға көшетінін айтты.