• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Мамыр, 2010

ХАТТАМАҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

550 рет
көрсетілді

Жақында Астанада Қазақстан Республикасы мен Австрия Рес­пуб­ли­касының сыртқы істер ми­нистр­ліктерінің консулдық қызметтері арасында консультациялар болып өтті. Қазақстан делегациясын СІМ-інің жауапты хатшысы Р.Жо­шы­баев, Австрия делегациясын Кон­сул­дық-құқықтық департаментінің бас директоры – Австрия Рес­пуб­ликасы Федералды Сыртқы істер министрлігінің елшісі Е.Тихи-Фислбергер басқарды. Қазақстан азаматтарына виза ресімдеу тәртібін жеңілдету, заңсыз көші-қонмен және адам сауда­сы­мен күресу, есірткі заттарының заңсыз айналымымен күресу, азаматтыққа қатысты мәселелерді реттеу жөнінде пікір алмасты. Консулдық консультациялар нәтижесі бойынша Хаттамаға қол қойылды, деп хабарлады еліміз СІМ-інің баспасөз қызметі.