30 қыркүйекте футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Литвада өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шығу үшін матч өткізеді. Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 23.00-де басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жартылай финалда Кака құрамасына қарсылас Еуропаның қазіргі жеңімпазы - Португалия құрамасы болмақ.
Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.Айта кетейік, әлем чемпионатының бірінші финалисті анықталды. Аргентина құрамасы Бразилия құрамасын 2:1 есебімен жеңді.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының жеңісі туралы пікір білдіріп,«сенсация» деп атаған болатын.