• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Қыркүйек, 2021

13 миллион адам жалпыға бірдей декларация тапсыруы керек

332 рет
көрсетілді

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев орталық коммуникациялар қызметіне өтіп жатқан брифингте алдағы жылдары қанша адам декларация тапсыруға міндеттелетінін айтты, деп жазады Egemen.kz.

Мемлекеттік қызметкерлер мен оларға теңестірілген азаматтар және олардың жұбайлары өздерінің жеке активтері мен міндеттемелерін бірінші кезеңде көрсетеді. Бүгінгі таңда олардың 99%-ы электронды түрде декларация тапсырған. 

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап - мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері мен жұбайлары, 2024 жылдан бастап - бизнес өкілдері, заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, 2025 жылдан бастап барлық азамат декларация тапсыруы тиіс. 

«Алдын ала деректер бойынша жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне 13 миллион адам кіретін болады», деді спикер.