• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Қыркүйек, 2021

ШҚО-да тағы өрт шықты

246 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында  30 гектар қамыс өртеніп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Үржар ауданы Егінсу ауылдық округіндегі «Мың көл» учаскесінде қамыс өртеніп жатыр. Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Тілсіз жаудың жалпы ауданы 30 гектарды құрап отыр. Қызыл жалын батпақты жерлерді шарпығандықтан, ауыздықтау қиынға соғуда. Отты өшіруге өрт сөндіру бөлімі, «Алакөл» табиғи қорығы, жергілікті атқарушы орган мен шаруа қожалығы жұмысшыларынан 22 адам жұмылдырылған», деп жазылған хабарламада.