Қазақстан мен Ресейдің XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумында ҚР Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізетінін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ортақ экологиялық проблемаларды шешу үшін Үкіметтер арасында экология, биоалуандықты сақтау, трансшекаралық су көздерін бірлесіп сақтау және пайдалану секілді 7 келісімге қол қойылған. Келісімдер жоспар бойынша іске асып жатыр. Бірақ экологиялық ахуал нашарлауын жалғастырып жатыр. Оны шешу үшін халықаралық деңгейдегі бірлескен күш-жігерді белсендіру қажет. Осыған байланысты форумға қатысушылардың назарын мына мәселелерге аударғым келеді», деді Мемлекет басшысы.
«Осының аясында көптеген елдер осы ғасырдың ортасына қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізетіндері туралы мәлімдеді. Жаңа реттеу тетіктері енгізіліп жатыр. Оның ішінде Еуроодақтың көміртегі салығы туралы бастамалары да бар. Қазақстан да Ресей сияқты әлемдегі ең энергия тұтынушы елдердің бірі. Өнеркәсіп өндірісінің 50 пайыздан астамын кен өндіру саласы құрайды. Электр энергиясының 70 пайызы көмірден алынады. Осының өзінде жоғары тәуелділікке қарамастан, Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мәлімдеді. Бұл толық мүмкін және ақылға қонымды міндет», деп толықтырды Қасым-Жомарт Тоқаев.