• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
07 Ақпан, 2014

Малайзия тарапының қызығушылығы

243 рет
көрсетілді

Малайзияның құрылыс индустриясын дамыту жөніндегі кеңесінің бас директоры Дато Сри Джуддин Абдул Каримнің басшылығымен малайзиялық делегация жұмыс сапарымен (CIDB) Қазақстанда болды. Малайзияның құрылыс индустриясын дамыту жөніндегі кеңес делегациясы (CIDB) құрылыс саласын реттейтін және малайзиялық құрылыс компанияларының шетел жобаларына қатысуы мәселелері бойынша келіссөздер жүргізуге өкілетті маңызды мемлекеттік орган болып табылады. Малайзия делегациясының құрамына «CIDBHoldingsSdnBhd» кеңесінің «Kazariah­EnergyLLP» қазақстандық-малайзиялық кәсіп­орынмен бірлескен компания басшылары және Малайзияның Қазақстандағы елшілігінің қызметкерлері кірді. Сапар аясында Малайзия делегациясының Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары – ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаевпен және «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияевпен кездесуі өтті. Әңгіме барысында соңғы кездегі Қазақстан мен Малайзия арасындағы екіжақты қатынастардың даму қарқыны атап өтілді. Р.Жошыбаев қазақстандық-малайзиялық достық байланыстардың даму динамикасын атап өте отырып, ЭКСПО-2017 көрмесін өткі­зуде Астананың кандидатурасына қол­дау көрсеткендері үшін алғыс айтты және малайзиялық компаниялар көрмеге дайын­дық шеңберінде жаңа технологиялар мен инно­вациялық шешімдер саласындағы жетіс­тіктерді лайықты көрсете алатындарына сенімін білдірді. Т.Ермегияев ұлттық компания алдында тұрған міндеттер мен көрмені өткізу бойынша дайындық жұмыстары туралы айтып берді. Ол, сондай-ақ, компания инновациялар мен жаңа технологияларды енгізу жобаларын іске асыру үшін әріптестер тарту жөніндегі мәселелерге үлкен мән беретінін айтып өтті. Атап айтқанда, қазірден Samsung, HP және т.б. осындай компаниялармен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Қазақстандық тарап жел қондырғыларын енгізу мәселелеріне назар аударды: көрменің бас павильоны аумағында бірнеше қондырғы салу және Қазақстанның астанасынан алыс емес жерде осындай тағы 100-ден аса қондырғы орнату жоспарлануда. Д.Карим өз кезегінде бұл салада үлкен тәжірибесі болғандықтан, оның елі жел энергиясын пайдалану бойынша қондырғыларды салуда белсенді атсалысуға дайын екенін жеткізді. Бұдан бөлек, малайзиялық тарап турис­терге сапалы қызмет көрсетуде маңызды рөл атқаратын, Астана үшін экологиялық таза технологияларды пайдалану мен көлік инфрақұрылымын дамытуға қатысты жобалар­ға мүдделілік танытты. Сапар шеңберінде малайзиялық деле­гацияның Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевпен, Өңірлік даму министрі Болат Жәмішевпен, Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовпен, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы Бейбіт Атамқұловпен, Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Наталья Коржовамен, «KAZNEX INVEST» Экспорт және инвестиция жөніндегі Ұлттық агенттігі» АҚ басқармасының төраға орынбасары Қайрат Қармановпен және басқа да іскер топ өкілдерімен кездесулері өтті. Малайзиялық делегация сапары бағдар­лама­сының маңызды бөлігі «KAZNEX IN­VEST» ЭИҰА» АҚ пен «CIDBHoldingsSdn.Bhd.» кеңесінің инвестициялық бөлімшесі ара­­сында Ақпарат алмасу саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою болды. «Егемен-ақпарат».
Соңғы жаңалықтар