• RUB:
    5.41
  • USD:
    476.27
  • EUR:
    515.47
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Қазан, 2021

Бүгін - Радио қызметкерлері күні

471 рет
көрсетілді

2021 жылғы 13 тамызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 1 қазан Радио қызметкерлері күні болып жарияланған, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда радиохабар тарату 1921 жылдың қазан айында басталған. Осы оқиғаны негізге алған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ радиосының 100 жылдығын мерекелеу аясында 1 қазанды Радио қызметкерлері күні деп жариялауды ұсынған болатын.

Радио қызметкерлерін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева әлеуметтік желіде құттықтады.