• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
07 Ақпан, 2014

Байланысшылар жаңа автокөліктерге ие болды

267 рет
көрсетілді

Жақында Ақтөбе облыстық телекоммуникация дирекциясы ғимаратында бес аудандық өндірістік телекоммуникация торабының өкілдеріне су жаңа автокөліктердің кілттері тапсырылды. Автокөліктер өндірістік үдерістің сапасын арттыру және абоненттерге жедел қызмет көрсету мақсатында сатып алынған. Ауылдар арасындағы ойқы-шойқы жолдарда жақсы жүретін «УАЗ» маркалы жеңіл автокөліктердің кілттері қолдарына тиген аудандардан келген торап қызметкерлерінің қуаныштарында шек жоқ. Енді олар ауа райының қандай жағдайында да сапалы байланыс қызметін қамтамасыз ете алады. Ақтөбе облыстық телекоммуникация дирекциясының іс басқарушысы Данышпан Көпжасаровтың айтуынша, соңғы екі жыл ішінде кәсіпорынның автокөлік шаруашылығына қарқынды жаңарту жүргізілген, бұл дирекцияның өндірістік көрсеткіштеріне оң ықпал еткен көрінеді. Қазір барлық аудандық тораптар көліктермен толық қамтамасыз етілген. Дирекция біртіндеп барлық ескі автокөліктерді жаңасына ауыс­тырып жатыр. Мысалы, былтыр – 17, биыл 5 көлік сатып алынған екен. Үстіміздегі жылдың аяғына дейін тағы бірнеше көлік сатып алу көзделуде. Бұл кәсіпорынның тұрғындарға қызмет көрсету сапасын бұрынғыдан анағұрлым арттыруға ықпал етеді деп күтілуде. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан». Ақтөбе облысы. 
Соңғы жаңалықтар