• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Қазан, 2021

Атырау облысында коронавирустан 710 адам үйінде емделіп жатыр

246 рет
көрсетілді

Атырау облысында коронавирус инфекциясынан 710 адам үйінде емделіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен тәулікте – 1 қазанда 56 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Оның ішінде Атырау қаласында анықталған 32 науқас бар. Сондай-ақ, Теңіз кен орнында – 4, Құрманғазы ауданында – 8, Қызылқоғада – 5, Индерде – 4, Жылыойда – 2, Исатай ауданында 1 адам қауіпті вирусқа шалдыққан.

«Қазір коронавирус инфекциясынан емделу үшін 710 адам үй жағдайында оқшауланды. Ал, модульдік ауруханада – 120, №2 облыстық ауруханада – 55, Теңіз кен орнындағы стационарда – 82, аудандардағы инфекциялық стационарларда 41 науқас емделіп жатыр. Өткен тәулікте қауіпті вирустан 97 пациент емделіп шықты» деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.