• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Спорт 03 Қазан, 2021

4 қазақстандық каратэден премьер-лиганың финалына шықты

282 рет
көрсетілді

Ресей астанасында каратэден Премьер-лига турнирі жалғасуда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін финалдық бәсекелер өтеді. Қазақстан сапынан төрт спортшы алтын жүлдеге таласады.

Атап айтар болса, қыздар арасында Мөлдір Жаңбырбай (50 келі), Сабина Захарова (55 келі) және Софья Берульцева (68 келі) ақтық сында айқасады.

Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта Қайсар Алпысбай финалдық жекпе-жекте күш сынайды.